Алматылық ар адам өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды 53 миллион теңгеге алдап кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылық ер адам өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдаған. Келтірілген шығын көлемі 53 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.

түрме

Сотталушы өзінің алаяқтық әрекетін 2012 жылдан 2016 жылға дейін жасаған деп хабарлайды.

«Ол өзінің досына Нұр-Сұлтаннан 100 шаршы метр жертөлені арзан бағамен сатып алуға көмектесе алатынына сендірді, ол үшін одан 38,635 миллион теңге алды.

Мұнымен тоқтамай, өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған сотталушы банкрот болған компанияның директорын білетінін және автомобильдерді аукцион арқылы арзан бағамен сатып алуға көмектесе алатындығы туралы жалған ақпарат таратты», — делінген порталда.

Жәбірленушілердің барлығы «ҰҚК қызметкеріне» 14,5 миллион теңге бергені анықталды.

Ер адам аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің талаптары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

stan.kz