Алматыдағы Көкжайлау шатқалында карантин кезінде сауық құрғандар анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматының Көкжайлау шатқалында карантин режиміне қарамастан сауық кешін ұйымдастырған анықталыд, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

киноночь

Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлім етті. Сөзінше, талаптарды ескермегендерге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы талқыланып жатыр екен. 

«Бірнеше күн бұрын Көкжайлау шатқалында бір топ адам кино көріп, концерт ұйымдастырып, көңіл көтерген. Олардың кім екендігі анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды. Қазір қылмыстық жаза қарастыру мәселесі қойылып отыр. Қазір бұл территория Алматы әкімдігінің қарауына берілгенін білесіздер. Жер учаскесінің тағдырына байланысты әкімдік пен министрлік талқылау жүргізіп жатыр», — деді әкім орынбасары. 

Еске салайық, бұған дейін алматылқ жастардың Көкжайлауда кино кешін ұйымдастырғаны белгілі болған еді. Осыға орай қала басшылығы ережеге бағынбағандар қатаң түрде жазаланады деп айтқан болатын. 

 

stan.kz