Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
Қытай аумағында болған жер сілкінісін қазақстандықтар да сезді, сейсмологтар 2-3 балдық жерасты дүмпулері туралы хабарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Алматы тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Жерасты дүмпулері 9 мамырда жергілікті уақытпен 21 сағат 36 минутта тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан 291 шақырымда болған.
Тағы оқыңыз: Алматыдағы жер сілкінісі ғимараттарға қалай әсер етеді? — видео
Тереңдігі – 5 шақырым. Магнитудасы — 4,9.
Алматы ТЖД мәліметінше, қалада жағдай тұрақты, тұрғындардан құтқару қызметіне қоңырау келіп түскен жоқ.
sputniknews.kz