Бір ай немесе бір жарым айда Ресейде наразылықтың нақты түрлерін көре аламыз

0

Бір айдан кейін — Ресейде наразылық акциялары басталуы мүмкін

Ресей азаматтары коронавирустық індет пен карантиннің салдарынан «тітіркенуді жинайды» дейді Ресейдің «Левада» ғылыми — зерттеу ұйымының жетекшісі Лев Гудков.
Алдағы айларда Ресейде коронавирустық індетке байланысты енгізілген карантинге жаппай наразылықтар басталуы мүмкін. Бұл туралы берген сұхбатында Ресейдің «Левада орталығы» зерттеу ұйымының жетекшісі Лев Гудков мәлімдеді. Атап айтқанда, ресейліктердің оқшаулану режимін қанша уақыт сақтауға дайын екендігі туралы сұраққа жауап бере отырып, әлеуметтанушы: «Ресейліктердің 70%- ында ешқандай ақша жинағы жоқ, бірте — бірте бұл шыдамдылықтың азаюна әкеледі.
Олар аз мөлшерде өтелетін кейбір өнімнің қорында, біреулерден ақша қарызға алу арқасында — бір — екі айға шыдайтын болады. Бір ай немесе бір жарым айда Ресейде наразылықтың нақты түрлерін көре аламыз, адамдардың көшеге шығуы немесе мәжбүрлеп оқшаулауға байланысты басқа шектен шығуларды көре аламыз, бірақ бұл туралы айтуға әлі ерте.
«Әзірге адамдар жай ғана дабыл қағып, шатасып жатыр. Ашуланшақтық пайда болады, бірақ оның әлі шығатын жолы жоқ», — деді Гудков. Гудковтың айтуынша, қазір Ресей қоғамында «толық белгісіздік» басым.
Ресейде, 8 мамырда таңертеңгі мәліметтерге сәйкес, коронавирусты жұқтырудың 187 мың жағдайы тіркелді, олардың ішінде 1, 7 мың адам қайтыс болды, 26, 6 мыңы қалпына келді. Жұқтырғандардың жартысынан көбі (98, 5 мың) және өлгендер (шамамен 1, 1 мың) Мәскеуде.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты