Мұхтар Тайжан «Сіз неге Марғұлан Сейсембайды қорғамайсыз?» деген сұраққа жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

ҚР қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан неліктен Марғұлан Сейсембайды қорғап жатқаны жоқ деген айыптауларға жауап берді, деп хбаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске салайық, қазіргі таңда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі «Алель Агро» ұйымына бөлінген мемлекеттеік субсидияны алаяқтықпен жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Осыған байланысты ұйымның акциялары тиеслі мекеме қызметкерлердің барлығы жемқорлыққа қарсы қызметтің назарына ілініпті. Олардың ішінде танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай да бар көрінеді.
Сейсембайдың сөзіне сүйенсек, осымен бірнеше күн бойы оның үйін агенттік қызметкерлері торуылдапты. Кәсіпкер болса өзінің кінәсіз екендігін айтып шырылдауда. Тіпті, ол бірнеше халықаралық ұйымдарға хат жолдап үлгеріпті.
Осы жағдайға байланысты Марғұлан Сейсембайды жақтаушылар Мұхтар Тайжанға неге оны қорғамайсыз деп жаппай хат жолдап жатқан сыңайлы. Өз кезегінде қоғам қайреткері бұл жағдайға байланысты пікір білдірді.
«Менен барлығы «сіздің Марғұлан Сейсембаймен суретіңіз бар ғой, неге оны жақтамайсыз» деп сұрап жатыр. Сіздерге айтарым менің танымал адамдармен суретім көп, енді олардың әрбірі үшін бас ұрып, жүгірмеймін ғой. Суретім бар, амандық болса, тағы түсерміз.
Мен үлкен ақша жатқан жерге араласа алмаймын. Бұған қоса Сейсембайға «Алель Агро» үлесінің тек 22%-ы ғана тиесілі екен. Енді мен ұйымның менеджментіне араласайын ба?
Бұған қоса мен бұған дейін ақша жымқырды деп айыпталған адамды үзілді-кесілді қорғай алмаймын. Естеріңізде болса, Марғұлан Сейсембай басы Альянс банкқа қатысты дауға қалған еді. Ал бұл жерде халықтың ақшасы ұрланып отыр. Мен, керісінше, халықтың жағындамын.
Сол себепті, Сейсембайды жақтаушылар маған ренжімесің, мен одан да шынымен көмек қажет адамдарға жәрдемдесейін», — депті Тайжан.
Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Тайжан белгілі журналист, ҚР ұлттық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі. Арман Шораевтың ісіне байланысты ресми сенімхат жазған еді. Қазіргі таңда жалған ақпарат таратты деп айыпталған журналист изолятордан босатылған.
stan.kz