Қарағанды маңында әскери ұшақ құлады
Қысқа сілтеме алу
Әскери ұшқыштар тұрғындарға қауіп төндірмеу үшін әуе кемесін жазық далаға қарай бұрған. Экипаж катапульта жасаған
ҚАРАҒАНДЫ, 16 сәуір – Sputnik. Қарағанды маңында әскери ұшақ құлады, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі.
Төтенше жағдай 16 сәуірде әскери кезекшілік атқаруға дайындалу барысында болды.
«Қарағанды қаласының маңында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады», — делінген хабарламада.
Оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстігінде болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққан.
Катапульталануға бұйрық алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты ауылдан алысқа, жазық далаға бағыттаған. Экипаж тұрғындарға қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін катапульта жасаған. Ұшқыштар аман.
Қорғаныс министрі апатты тергейтін комиссия тағайындады.
Оқиға орнына Қазақстан әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметі келді.
sputniknews.kz