Нұр-Сұлтанда ірі тұрғын үй кешені өртенді — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда сағат 21:06 шамасында сол жақ жағалаудағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

«101» нөміріне «Отандастар» тұрғын үй кешенінде өрт шықты деген хабар келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 14 өрті сөндіруші мен үш техника бірлігі жіберілді», — делінген ресми хабарламада. 

Жиырма адам құтқарылыпты. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар өртті сағат 21:43-те ауыздықтап, 21:48-де сөндіріпті. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрапты. 


Екеуі де қаза болды: Алматыда әйелін құтқармақшы болған ер азамат өртеніп жатқан үйге кіріп кеткен

stan.kz