Алматы облысында төрт саяжай массиві жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысындағы төрт саяжай массиві жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирусСаяжайлардан коронавирус жұқтырған 9 адам тіркелді.

COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте коронавирусқа сынама алынған еді. Нәтижесінде 9 адамның індеттіжұқтырғаны анықталды.

Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы төрт саяжай массиві — «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» карантинге жабылды.

Өңір əкімінің тасырмасына сәйкес, тұрғындардың тізімі жасалып, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.

stan.kz