Сарапшылар: Карантин режимі алынғаннан кейін эпидемия қайтадан басталуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Мамандар егер коронавирусқа шалдыққандардың саны азайғанына байланысты сақтық шараларын бәсеңдетіп, карантин режимін алып тастаса, бұл жағдай COVID-19 эпидемиясының жаңа толқынының пайда болуына алып келетінін айтуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы Германияның Ганновер вирусология институтының профессоры Томас Шульц мәлімдеді. 

«Өкінішке орай, сақтық шараларынан бас тартуға болмайды. Бір-екі ай өтіп, ауру жұқтырғандардың саны бәсеңдегеннен кейін, мемлекеттердегі карантин режимі алынуы мүмкін. Алайда бұл жағдай эпидемияның қайта басталуына әкеп соғады», -дейді ғалым. 

Ал бұл жағдай мемлекет басшыларының қайтадан карантин жариялауына әкеледі дейді Шульц. Осылайша жаңа карантин режимі келесі жылға дейін созылуы әбден мүмкін көрінеді. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 951 болып отыр.

 

stan.kz