Коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артты

0

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 961 адамға жетті, оның 253-і Нұр-Сұлтан, 172-сі Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 адам тiркелді, Қызылорда облысында — 1 адам, Алматы қаласында — 7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында — 2 адам, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 961 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 253,
  • Алматы қаласы – 172,
  • Шымкент қаласы – 38,
  • Ақмола облысы – 71,
  • Ақтөбе облысы – 11,
  • Алматы облысы – 21,
  • Атырау облысы – 59,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6,
  • Жамбыл облысы – 46,
  • Батыс Қазақстан облысы – 9,
  • Қарағанды облысы – 65,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Қызылорда облысы – 119,
  • Маңғыстау облысы – 10,
  • Павлодар облысы – 10,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
  • Түркістан облысы – 43.

Індеттен 10 адам қайтыс болып, 99-ы жазылып шықты.



sputniknews.kz