Алматы облысында үй карантині режимін елемеген әйел ұсталды — Қазақстан жаңалықтары
Сарқан қаласында үй карантині режимін бұзып, дүкенге барған әйелді жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайдв Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сарқан тұрғыны наурыз айының соңына таман Ресейден келіпті. Осы себепті ол ережелерге сәйкес үйіне карантинге жабылған. Десек те қойылған талаптарды елемеген әйел қалаға бірнеше шығып жүрген.
«Шектеулерге қарамастан азаматша қоғамдық орындарға барып, басқаларының денсаулығына қауіп төндірген. Полиция, прокуратура және медицина қызметкерлері жұмылдырылған жедел тобы тұрғынды Сарқандағы дүкенде ұстады», — делінген ресми хабарламада.
Осыған орай ереже бұзған азаматшаға 10 АЕК (26510 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалған.
stan.kz