Шымкентте тағы бір отбасы коронавирус жұқтырып алған — Қазақстан жаңалықтары

Шымкентте тағы бір отбасы мүшелері коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қалада 5 сәуір күні анықталған 5 адам — бір отбасының мүшесі. Олар: әкесі, анасы, ағасы, әйелі, баласы болып табылады. Сол азаматтардан алынған сынама инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Бұл науқастар бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан келген 24 жасар науқаспен байланыста болғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда барлық індет жұқтырғандар оқшауланып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды», — делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетіп отыр.
stan.kz