Қазақстанда коронавирус жұқтырған 20 адам ауыр халде жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған 20 қазақстандық ауыр халде жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 науқас

«Жалпы алты адам індеттен көз жұмды, 46-ы аурудан айығып шықты. Қазір 680 адам ауруханада жатыр. Олардың 20-сының жағдайы ауыр. Тағы 88-інің жағдай орташа деңгейде, 510 науқас аурудың жеңіл формасымен күресуде», — деді Біртанов. 

Сондай-ақ  министр науқастармен болған 19 112 адамның 97%-ы анықталып, оқшауландырылғанын жеткізді 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетіп отыр. 

stan.kz