Арыста 1 жастан асқан сәби Нұр-Сұлтаннан пойызбен келген әйелден коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысының Арыс қаласында нәресте Нұр-Сұлтаннан келген әйелден коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ата-анасы сәбиінің есімін коронавирустың құрметіне қойды

6 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирусты жұқтырғандар саны 33 адамды құрайды.

«Сараптама нәтижесі бойынша, Арыс қаласында 2018 жылы туған сәбиден, 1982, 2003, 2005 жылы туған Кентау қаласының тұрғындарынан қауіпті вирус табылды. Олардың барлығы Шымкентке Нұр-Сұлтаннан пойызбен келген жетісайлық әйелмен байланыста болған науқастардың жақын туыстары «, — делінген өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі ақпарат штабының хабарламасында.

Облыста вирусты жұқтырғандар саны 33 адамға жеткен, оның ішінде Жетісайда 13 тұрғын, Кентау қаласында – 5 адам, Ордабасы ауданында – 1 адам, Сайрамда – 2 адам, Мақтаралда — 4, Арыс қаласында – 6 адам, Сарыағаш қаласында — 1 адам.
 

stan.kz