Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар — коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар — Қазақстан жаңалықтары
Түркістан облысында коронавирусқа шалдыққандар жайлы деректер жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды.
Жетісай ауданынан — 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді.
Кентаудан шыққан науқас Жетісай ауданынан анықталған науқаспен байланыста болған.
Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары.
Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
А талған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.
stan.kz