Мұхтар Жәкішев шартты түрде босады

0

Бүгін Семей қаласының соты Мұхтар Жәкішевтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырды.

3 наурыз Семей қалалық сотының судьясы изолятордан тікелей эфирге шыққан он жылдан астам уақыт абақтыда отырған Мұхтар Жәкішевтіі созылмалы ісі туралы үкім шығарды. Сот отырысына респуликаның әр аймағынан келген 70-80-нен астам белсенді қатысты.

1998-2009 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын он жылдай басқарған Мұхтар Жәкішев 2010 жылдардың басында екі қылмыстық іс бойынша 14 жылға сотталған болатын. Оның ұзақ жылға сотталуын сарапшылар әртүрлі тұжырды: бірі 2000 жылдары оның экс-банкир Мұхтар Әблязовқа араша болғанын айтса, енді бірі оның уран өндірісінде Ресеймен бақталас болуын алға тартады.

2015 жылы 6 қараша БҰҰ-ның Адам құқықтары комитеті Қазақстанды «Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакті» бойынша, 2018 жылы 15 наурызда Орталық Азиядағы Адам құқықтары қауымдастығы, тағы өзге де құқық қорғау ұйымдары оның негізсіз сотталғанын айтып, биліктен оны дереу босатуын талап еткен. Соңғы бірнеше жылда интеллектуал отбасыдан шыққан Жәкішевті кезіндегі «атом өнеркәсібін дамытқан, кейін Ресей компаниясы қол астына алу үшін жасалған саяси қуғын» деп санайтын азаматтық қоғам өкілдері пикет-митинг түрінде жиі наразылық акциясын өткізіп келеді. Десе де Қазақстан соты бұл талаптарға мойын бұрмап еді. 2018 жылдың 28 қарашасында мерзімінің жартысынан көбін өтеуіне байланысты бірінші рет түсірген аппеляциялық арызын Семейдің №2 соты, ал былтыр 24 шілде де аталған сот, 10 қыркүйекте Өскемендегі облыстық сот қатарынан үш мәрте қанағантандырмай тастаған.

2018 жылы мамырда медициналық комиссия қорытындысы бойынша, тұтқындағы Мұхтар Жәкішевке үшінші топтағы мүгедектік диагнозы қойылды. Оның төрт қызы мен ұлы бүгінде ержетіп үлгерген. 2023 жылдың 20 мамырында босатылуы тиіс

Призидент Тоқаев отандық БАҚ-қа берген сұхбатында Жәкішев ісі туралы «Бұл тек соттың құзыретіндегі мәселе. Мен, әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты бірнеше рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергенін білемін. 3 наурызда сот отырысы өтеді. Соттың шешімін күтейік, оның әділ болатынына сенімдімін», – деді.

«The Qazaq Times»