Көкшетауда 3 әйел ер адамды ұрып тастаған – Қазақстан жаңалықтары

0

Көкшетау қаласының үш тұрғыны ер адамға дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұру

Оқиға 1 наурызда таңғы сағат 6:00-де болған. «102» пультіне қаладағы ойын-сауық орындарының бірінің жанындағы төбелес туралы телефон хабарламасы келіп түскен. 

Белгілі болғандай, ұрысқа 43 жасар ер адам және 38, 41 және 42 жастағы 3 әйел адам қатысты. 

Олардың бәрі кафеде болған. Ер адам әйелдер отырған үстелге келген, содан екін арада ұрыс басталған. Мекеме әкімшілігі оларды далаға шығарып жіберген. Ал жанжал кезінде қала тұрғындары ер адамға дене жарақатын салған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілерге қатысты «Келу туралы міндеттеме» іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз