«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» кроссовер шығарауда және кезекті арнайы ұтысты іске қосуда – Қазақстан жаңалықтары

0
58

Қазақстандықтарға жаңа  KIA ұсынды және өз клиенттеріне арналған жаңа пайдалар туралы хабарлады

Жыл басында «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы өз клиенттеріне арналған бірнеше пайдалы бағдарламаларды іске қосқан, олар туралы біз бұрын еске салғанбыз: ол 2,7 млн-ға  LADA Granta және 3,4 млн-ға luxe жинақтауындағы LADA 4х4 және осы автомобильдердің бағаларының өзгергені туралы алдын ала хабарлау туралы жаңа ереже болған. 
Отандық автомобиль нарығының көшбасшылары өз міндеттемелерін орындай ма? Жақын уақытта болашақтағы және қазіргі клиенттердің не күтуіне болады? Ол туралы біз «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ сату департаментінің директоры Ренат Мухамедовпен әңгімелестік. 
селтосРенат Маратұлы, «LADA Granta – дұрыс таңдау»бағдарламасы қаңтарда еліміз бойынша кең таралды, бүгінгі күні жұмыс қандай жағдайда, пікір білдіресіз бе? 
Жағымды жаңалықты бөлісуге қуаныштымын: 29 ақпанда 2,7 млн.теңгеге алдын ала тапсырыс бағдарламасы бойынша сатып алынған алғашқы 175 LADA Granta автомобилі салтанатты түрде берілді. Өз  сегменті үшін мұндай рекордтық төмен баға даулар мен талқылауларға себеп болды, біздің клиенттеріміздің арасында да көптеген сұрақтар болды, кейбіреулер күдіктенді.  Бірақ, көп адам баға жоғарылағанға дейін автомобильге тапсырыс беріп үлгеріп, өздерінің дұрыс таңдауларын жасады. Біздің клиенттеріміз оны бағалады деп ойлаймын, көктемнің басы жаңа автомобильмен басталды деп айтарлықтай  символикалық жайт болды ғой. Одан басқа, әрбір алғашқы сатып алушыға біз қосымша жабдыққа 15% жеңілдікке арналған сертификат бердік. 
селтос15 ақпаннан бастап базалық жинақтаудағы LADA Granta 2 820 000 теңге бағамен қолжетімді. Осы түзетуге қарамастан, модель өз сегментінде рекордтық қолжетімді болып қалып отыр. 
 Ал аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль туралы не айтасыз? «Ниваның» бағасы жоғарылай ма? 
Бүгінгі күні luxe жинақтауындағы LADA 4х4 алдын ала төлем бағдарламасы бойынша 3,4 млн.теңгеге Қазақстанның сатып алушыларына сол қалпында қолжетімді. Люкстік орындаудағы жаңартылған LADA 4×4 Urban 4 150 000 теңге тұратынын атап өту керек, яғни алдын ала төлем бойынша «нива» сатып алғанда, пайдасы 750 000 теңгені құрайды. Бағдарлама ақпанның басынан бастап қолданыста және құны жоғарылаған жағдайда біз өз клиенттерімізге бір ай бұрын хабарлаймыз. Біздің сайтымыздағы және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалаңыздар. Біз өзіміз жариялаған осы бағдарламалар бойынша ережелерден бас тартпаймыз: бағалардың жоғарылауы солай екі айда бір немесе тоқсанына бір реттен жиі жүргізілмейді. Дегенмен, осы кесімдермен бағаның түзетілмеуі мүмкін – біз соған тырысамыз. 
Сіздердің клиенттеріңізді жақын уақытта қандай жаңалық күтеді? 
Ағымдағы айдың басты оқиғасына баса назар аударғым келеді – қазақстандықтарға енді алдын ала тапсырыс бағдарламасы бойынша қолжетімді, көптен күткен жаңа автомобиль, мүлдем жаңа KIA Seltos кроссоверінің сатылымы басталады. Бұл ықшам модельге спорттық дизайн, кең салон және әмбебаптылық үйлестірілген. Автомобиль қауіпсіздік пен коммуникацияны қамтамасыз ететін ең жаңа технологиялық шешімдердің кең жинағын иеленді. Қазірден бастап кроссовер алдын ала тапсырыс бағдарламасы бойынша қолжетімді, модельдің бастапқы құны 7 690 000 теңгені құрайды. Алғашқы сатып алушылар арасында бағалы жүлделер ұтысы өткізіледі.

селтосСондай-ақ біз KIA брендінің әуесқойларына арналған  «KIA Sportage – Болашақ туралы бүгін ойла» бірегей алдын ала төлем бағдарламасына анонс жасауға дайынбыз. Нақты мысалдармен осы бағдарламаны бірден талдауды ұсынамын. Базалық жинақтаудағы  KIA Sportage-дің құны – 9 200 000 теңге. Сатып алушы болашақта қандай да бір толық төлемдерсіз 6 790 000 теңге мөлшерінде автомобиль үшін төлем салуы қажет, яғни баға тіркеледі,          365 күннен кейін  ол Жаңа Sportage-дің иесі болады. Яғни, бүгінгі күні біздің компаниямыздың клиенттерінде 2 410 000 теңгеге дейін пайдамен автомобиль сатып алу мүмкіндігі бар, яғни, ай сайын компания сатып аушының жинақ кассасына 200 000 теңгеден артық салады – бұл клиентке қамқорлықтың айқын мысалы деп есептеймін. 
Мұндай ұсыныс бүгінгі күні банктегі кез келген депозиттен пайдалырақ. Сонымен бірге, ол  Trade-In схемасын пайдаланғысы келетіндер үшін қолжетімді және кроссовердің барлық жинақтауларына қолданылады. Біздің автосалондарымызға келіңіздер, неғұрлым тезірек келісімшарт жасасақ, соғұрлым ең қолжетімді бағамен армандаған автомобиліңіздің рөліне отырасыз. Әрине, KIA Sportage осы бағдарламадан тыс та қолжетімді болып қала береді. 
Мұндай ұсыныс «LADA Granta – дұрыс таңдау» ұсынысы сияқты көп сұрақтар туғызуы мүмкін бе? 
Күмәнсіз. Бірақ, біздің компания өзін («БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» КТ – ескерт.) жұмыс істеп келе жатқан уақыт ішінде клиент алдындағы өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындайтын компания ретінде көрсетті. Біз үнемі көрсететін қызметтердің сапалы болуымен жұмыс істейміз, біз үшін әрбір клиенттің риза болғаны маңызды. 
 «БИПЭК Финанс» бағдарламасы бойынша қолданыстағы ұсыныстарда өзгерістер бола ма? 
Арнайы кредиттік бағдарлама бойынша өзгерістер әрине болады, бір ғана «бірағы» болса – ол біздің клиенттеріміздің пайдасына болады. Наурыздан бастап БИПЭК Финанс бағдарламасы бойынша сатып алушы KIA Rio және KIА Rio X-line сатып алуға 10% пайда алады. Ұсыныс Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдарда ақпаннан бастап қолданылған. Енді ол ұсыныс барлық филиалдық желілер бойынша қолжетімді болды. 
БИПЭК Финанс бағдарламасы LADA желісінің автомбильдеріне де барлық модификациядағы Vesta, XRay және Granta модельдерін сатып алу үшін де өзекті. Маңызды кезең – ұсыныс  БИПЭК АВТО-ның барлық филиалдарында енді қолжетімді LADA Vesta SW Cross AT және Xray Cross AT жаңа автомбильдеріне де жарамды. 
Қосымша ретінде айта кетейін, мейрамдары көп наурызды біз әрине, айналып өтпейміз: 8 Наурызда әйелдер қауымының өкілдерін арнайы жеңілдіктер күтеді, ал Наурызды мерекелеу үшін барлық филиалдар желісінде қонақтарға арналған мерекелік дастархан жайылады. Біз қымбатты қлиенттерімізді күтеміз, сонымен бірге барлық қолданыстағы ұсыныстарды талқылаймыз. Бір ұсыныс болса да  міндетті түрде қызығушылық туғызатынына сенімдімін, ал біз өз тарапымыздан сатып алушыларды сапалы сервиспен қамтамасыз ету үшін барлығын істейміз. 

stan.kz