Ресейдің жаңа премьер-министрі Қазақстанға келеді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин ЕАЭО-дағы әріптестерімен өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ цифрлық болашақ және жаңа технологиялар форумына қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин 31 қаңтарда Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

«Кездесудің күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жұмыс істеуі, оның нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері кіреді», — делінген Ресей үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мишустин Қазақстанда не істейді

Ресей Федерациясы министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық тәжірибені және көпжақты интеграциялық бірлестіктердің тәжірибесін ескере отырып, ЕАЭО-да ұлттық валюталарды қолдануды кеңейту және қорғау шараларын жетілдіру бойынша бірқатар бастаманы талқылау жоспарланған.

«ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға, ұлттық ақпараттық жүйелерді біріктіруге, кедендік реттеу саласында өзара әрекеттесуге және жалпы одақтық нарықты қалыптастыруға басымдық беріледі», — делінген хабарламада.

Михаил Мишустин сонымен қатар «Ғаламдық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысады.

Айта кетейік, Михаил Мишустин таяуда Дмитрий Медведевтің орнына Ресей Федерациясының премьер-министрі болып тағайындалды.

Digital Almaty форумы: не белгілі

31 қаңтарда Алматыда өтетін Digital Almaty форумына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанның үкімет басшылары қатысады.

Сондай-ақ, Әзербайжан, Өзбекстан, Молдова премьерлері келеді деп жоспарлануда, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауқымды деректер (big data) мен жасанды интеллект негізінде аймақты тұрақты дамыту жолдарын талқылау пікірталастың басты тақырыбы болады. Сондай-ақ, танымал сарапшылар цифрлық салада өзара әрекеттесу жолдарын, инфрақұрылым құру және технологияны дамыту қажеттілігін талқылайды.  



sputniknews.kz