Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемдегі ең ірі кітапханалар (6 сынып, IV тоқсан ) » ZHARAR
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең ірі кітапханалар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1. ТА Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
Сабақтың мақсаттары: Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау.
Сабақ барысы: Кітап — алтын қазына.
Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өнер шырағы.
Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім.
Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
Кітап — оқығандікі, білім тоқығандікі.
Мақалдардың мағынасын ашады, сабақ тақырыбын болжайды. Оқушыларға сабақтың смақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады.
Тыңдалымалды тапсырмасы:
Кітапханаға жиі барасыз ба?
Кітап оқуды ұнатасыз ба?
Кітап оқу мен кино көрудің қайсысын таңдар едіңіз? Неге?
Кітап оқу-демалудың бір жолы деген пікірге көзқарасыңыз қандай?
Әлемдегі қандай кітапханаларды білесіз?
Осы сұрақтарға оқушылар «Еркін микрофон» әдісі арқылы жауап береді.
ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы:
Бейнематериал қандай жанрда берілген? Онда қандай мәселелер көтеріледі?
Әлемдегі он екі кітапхананың тізімін жазып шығыңыз. Он екі кітапхананың бірін таңдап, сол кітапханаға арнап құттықтау немесе интервью жазыңыз. Сөз саны-150-160.
Әр оқушы өз тапсырмасын орындап болғаннан кейін бірдей тапсырмалар бір-бірімен ой бөліседі де, өз ойларын ортаға салады. Бірінің тапсырмаларын бірі толықтырады.
Мұғалімнің кері байланысы беріледі.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Бейнематериал сізді несімен қызықтырды?
Жүргізуші орнында болсаңыз осы мәтінді қалайша жеткізер едіңіз?
Бағалау критерийі бойынша топтағы оқушылар өз тобының оқушыларын бағалайды. ….
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com