Салт дәстүр, ұлттық мәдени құндылықтар, ұлттық өнеге
Саналы ел салтын сақтарМақсаты: Оқушылардың арасында салт – дәстүрлерді насихаттау, ұлттық өнерге деген көз қарасын анықтау, қызығушылығын арттыру. Оқушыларды еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұлттық өнеге, инабаттылық, қол – шеберлік, сымбаттылық қасиеттерді дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері, слайдтар
1 — жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Қазағымның салт — дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт — дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл — гүл жайнап мына біздің төріміз.
Өнер халық – өміршең халық, қазақтың әдет — ғұрпына, салт — дәстүрлеріне бағытталған «Саналы ел салтын сақтар»атты сайысымызды бастаймыз.
2 — жүргізуші:
Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.
1 — айналымда қатысушы командалар өз командаларын таныстырады.
2 — айналымда «Білімді мыңды жығар» тақырыбында қатысушы командаларға ұлттық бағытта сұрақтар қойылады
3 — айналымда «Фото тапсырма». Қатысушыларға экран арқылы ұлттық бұйымдар мен ыдыс — аяқтар, құрал — жабдықтар, бұйымдар көрсетіледі. Қатысушыларға жүктелген тапсырма фотосуретте көрсетіліп, бұйымның атын және не үшін пайдаланатынын түсіндіру қажет.
4 — айналымда «Өнерім өнеге болсын». Қалаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын берілген уақытта сахнада дайындап көрсетуі қажет.
1 — жүргізуші:
1 — айналым бойынша қатысушы командаларды ортаға шақырамыз.
2 — жүргізуші:
Салт — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс — тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. «Білімді мыңды жығар» туры бойынша 2 — айналымды бастаймыз.
Екі топты ортаға шақырамыз.
Алғашқы топтың сұрағы:
Тыштырма (дәстүр) дегеніміз не?
Жауап: Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала — шағаларына үлестіріп береді.
2) Базарлық(дәстүр) деген не?
Жауап: Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші — көлем, жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
Екінші топтың сұрағы:
1) Байғазы(дәстүр) дегеніміз не?
Жауап: Балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
2) Тілашар(дәстүр) дегеніміз не?
Жауап: Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар»тойы деп атайды.
5 (жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6) Асату (дәстүр). ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Екінші айналымның екінші тапсырмасы бойынша, сұрақтар екі топқа бірдей қойылады. Кім дұрыс жауап береді, сол топтың баллы көбейеді.
Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?
1 — сұрақ
Он атаны таратып беріңіз.
(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)
2 — сұрақ
Үш мақсатты ата.
Жол мақсаты — жету, дау мақсаты — біту, сауда мақсаты — ұту.
3 — сұрақ
Үш арсыз.
Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
4 — сұрақ
Үш алыс
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
5 — сұрақ
Үш биді атаңыз.
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
6 — сұрақ
Үш жүзді атаңыз.
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
7 — сұрақ
Үш даусыз.
Мінез, кәрілік, ажал.
8 — сұрақ
Жігіттің үш жақын жұртын ата.
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
9 — сұрақ
Үш арыс
Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров.
10 — сұрақ
Үш сауап
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен.
11сұрақ
Үш байлық
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
12 — сұрақ
Үш тәтті
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
13 — сұрақ
Төрт қонақ
Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,
Қылғыма қонақ.
14 — сұрақ
Төрт түліктің пірін атаңыз.
Түйе пірі — Ойсыл қара, жылқы пірі — қамбар ата, сиыр пірі — Зеңгір баба, қой пірі — Шопан ата, ешкі пірі — Шекшек ата.
15 — сұрақ
Төрт қымбат не?
Алтын ұя Отан қымбат,
Құт — береке атаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.