Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық, өз жинақ ақшаларын қалай көбейтуге болады

0

Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жинақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жеке бюджетіне есеп жүргізіп және жоспарлауды тереңдетіп, кеңейтіп түсіндіру
Дамытушылық: Оқушыларға өз жинақ ақшаларын қалай көбейтуге болатынын көрсету.
Тәрбиелігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу және жинақ ақшаларын тиімді жұмсауға үйрету..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабақты біз «Ақша банкте маршруты бойынша қозғаламыз»
1 кезеңі – Сапарға дайындық
2 кезеңі – Банкке барар жолда
3 кезеңі – Халық банкінен ақпарат
4 кезеңі – Банк қызметкерімен сұхбат
5 кезеңі – Жоспарлау
6 кезеңі – Салымшы атанамыз
7 кезеңі – Банктен олжамен қайту

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1 кезеңі – Сапарға дайындық (дайындық алдында үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап берейік)
 Сақтандыру дегеніміз не?
(Сақтандыру – кәсіпорындар, ұйымдар, азаматтардың ақша қаражаттары есебінен зияндар орнын толтыруға арналған арнаулы сақтандыру қорларын құру)
 Қандай тауарларды сақтандыруға болады?
(Өміріңді, денсаулығыңды, мүлкіңді, апат зардаптары, бақытсыз жағдай, ұрлық, ауру шығындарының көп бөлігін өз мойнына алады)
 Қазақстан Республикасында қандай сақтандыру компанияларын білеміз?
 Сақтандыру компанияларының міндеттері неде?

Жаңа сабаққа кіріспе:
2 кезеңі – Банкке барар жолда банк туралы әңгіме айтып барамыз.
Мәтінді оқып, мәтін не туралы жазылғанын оқушылар қысқаша түсіндіру арқылы бүгінгі сабақ не туралы айтылатынын түсіндіреді.
Банк.
• Банк дегеніміз не, кім біледі? – деп сұрады әкесі.
• Мен, – деп атып тұрды Даша.
• Міне, деп ол, ішінен екі темір сом және бірнеше мыс тиындар домалап түскен кофеден босаған банкі созды.
• Бұл банк емес, банка деп жымиды әкесі.
• Қандай айырмашылығы бар? – деп Даша сұрақ қойды.
• Сенің банкаңда ақша қозғалыссыз жатады, ал нағыз банкте ақша әрқашан айналымда болады.
• Ол қалай? – деп қызығушылықпен сұрады Даша.
• Сенің ақшаң саған керегі жоқ уақытта, оны басқалар пайдаланады.
• Менің ақшамды? – деп ашумен сұрақ қойды ол.
• Әрине.
• Егер мен ақшамды алғым келсе ше?
• Ала бер. Банкке қанша ақша тапсырса, сонша ақша айналымда болады. Сен кез келген уақытта өз ақшаңды ала аласың. Сенің ақшаңды пайдаланғаны үшін, саған тіпті пайыз төлейді.
• Олар менің қанша ақшам бар екенін қайдан біледі? Егер менің көп ақша алғым келсе ше?
• Банкте есеп – шот, ал сенде бәрі жазылған жинақ кітапшасы болады.
• Ақшамды банкке тапсыруға тура келер,- деді Даша салмақпен.
• Өте жақсы. Сенбі күні пәтер ақы төлеуге барамыз, сонда өз есебімізді ашамыз,- деді анасы қызын қолдап.

Ал енді балалар айтыңдаршы бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелейтін боламыз?
(Оқушылар жауабы: Жинақ ақша.)
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: ЖИНАҚТАУ.

3 кезеңі – Халық банкінен ақпарат
ЖИНАҚТАУ ДЕГЕНІМІЗ – табыстың бірден жұмсалмаған, болашақта жұмсау үшін қалдырған бөлігі.
Ал енді біз оқушылар үйдегі жинаған ақша мен банкке жинаған ақша қаражаттардың қайсысы тиімді соны қарастырып көрейік.

4 кезеңі – Банк қызметкерімен сұхбат. Банк қызметкерінен тиімді жақтарын сұрастырамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз