Салқын және тәтті көжелерді дайындау » Білімділер порталы

0

Сабақтың тақырыбы. Практикалық жұмыс № 1 «Салқын және тәтті көжелерді дайындау» Қаржы шешімдерін қабылдау.

Мақсаты: Оқушыларға салқын және тәтті көжелер туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін жетілдіру, тамақтану мәдениеті бөліміндегі алған білімдерін меңгеру мақсатында дастархан сәнін келтіретін ас дайындау өнерін үйрете отырып, дастархан әзірлеу. Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, қол шеберліктерін, іскерліктерін дамыту аспаздық шеберлігін дамыту.
Дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа ұйымшылдыққа, шалттыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – суретті, практикалық Сабақтың көрнекілігі: жұмыс форма, азық – түліктер, құрал – жабдықтар, нұсқау карта.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Арнайы формасын түгелдеу.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
5. Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгелдеу.

ІІ. Жаңа сабақ
Салқын және тәтті көжелер. Көжелер — біріншіден, суда пісірілетін және 50%- ы судан тұратын, екіншіден, нан және жеміс көжелерінен басқалары бірінші тағам болып саналатын әр түрлі сипаттағы тағамдар тобы. Дайындау әдісі бойынша көжелер ірі ұлттық және географиялық аймақтар бойынша ажыратылады. Шығыс Еуропада көженің негізгі түрі — сорпалар мен езбе – көжелер. Шығыс Еуропаға орысша типті қатық көжелер, яғни негізгі қайнатпаға бірнеше құрамдас бөліктер (5 — 20), оның ішінде көкөністер, жармалар, татымды шөптер, майлар қосылатын көжелер тән. Мысалы, славян типіне тән щи, борщ. Қатық көжелерден басқа орыс көжелерге салқын көжелер — тюра, окрошка, ботвинья және ыстық көжелер — уха және похлебка, сонымен қатар сүйық бөлігін су емес, қышқыл – тұзды арнайы орта – лар — квас, қияр түздығы құрайтын көжелер — калья, тұз көже, қышқыл көже жатады. Бұл топқа, сонымен қатар Молдавия және румын чорбалары жатады. Грузияда сорпа негізінде дайындалған жұмыртқа – қышқылды қатық қосылған көжелер (чихиртма) кең тараған, сонымен қатар қатық көжелер де бар (харчо). Әзірбайжан мен Шығыс Грузия, Солтүстік Кавказға қыш ыдыстарда тұмшапеште пісірілетін көжелер (пити, чанахи, путук) төн. Орта Азияның негізгі көже типі — «қуырылған» көжелер, онда, алдымен, ет және көкөніс бөлігін майда қуырады, содан кейін су құйылады, және сүт қышқылды көжелерде пісірілген жарма – көкөніс бөлігіне су орнына сүт қышқылды өнімдер құйылады. Қиыр Шығыста, Қытай мен Жапонияда құрама көжелер кең тараған. Онда, дайын ыстық сорпаға дастарқан басында эр түрлі алдын ала жеке пісірілген және суық және кепкен түрінде жеке ыдыстарға салынған дайын өнімдер — ет, балық, терпанттер, шаян, күріш, пияз, көкөністер, дәмқосарлар беріледі, оларды өз қажетіне қарай қосып жеке көже жинақтайды.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Кіріспе нұсқау
– қауіпсіздік ережелерін, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау
– түсіндіру
– практикалық жұмысқа дайындығын тексеру
– нұсқаулық бойынша жұмыс, топ басшының, кезекшінің міндеттерін айту.
Аспаздық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздігін өткізу нұсқауы.

Электрлі тұрмыстық құралдарды қолданғанда:
1. Қосылғыш баудың сынбағанын тексеру.
2. Электр құралдарды тек құрғақ қолмен қосу немесе ажырату, қосылғыш баудың ашасынан ұстау.
3. Жұмыс соңында электр құралды ажырату.
4. Электрлі ет турағышты, және етті өңдеу кезінде басқа да құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережені сақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз