Головкиннен жеңілгеннен боксшы WBC-ді сотқа бергелі отыр

0
Головкиннен жеңілгеннен боксшы WBC-ді сотқа бергелі отыр


Тегі армян америкалық Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесіне (WBC) қарсы сотқа арыз беруді жоспарлап отыр.

Мартиросян карьерасында алғашқы орта салмақта WBC Silver белбеуінің иегері болған, ал биыл осы ұйымның әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алып, 5 мамырда екінші раундта Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) соққысынан нокаутқа түскен. 

«WBC маған және менің боксыма зиян келтіріп келді. Олар менің рейтингіммен жылдар бойы ойнап келді. Әділдік орнатататын уақыт жетті. Бұлай етем деп ешқашан ойламадым, бірақ, WBC-ге қатысты заңды әрекет уақыты туды», — деп жазыпты Мартиросян твиттер желісінде. 

Ал келесі твитінде Мартиросян алдағы екі-алты аптада жаңа жекпе-жек туралы хабарлама алатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Головкинмен жекпе-жек 32 жастағы Мартиросян үшін 2016 жылдың мамырынан бергі алғашқысы болды. Бұған дейін ол үш рет жеңілген, бірақ, нокаутпен емес. 5 мамарыда Головкин негізі Сауль «Канело» Альвареспен (50-1-2, 34 КО) қарымта өткізу керек болатын. Боксшылардың 2017 жылы өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталған еді. Алайда ақпанда мексикалық допинг дауына ілігіп, алты айға шеттелді де, оның орнын Мартиросян алмастырды. 

Дереккөз: Vesti.kz