Газайырғыштардың механикалық есебі | Скачать Материал

0

Айырғыштардың механикалық есебі

Айырғыштың тиiмдiлiгi, газсыздандыру есебiнен айырғыштағы мұнайдың шөгу дәрежесiн (Эм) және сәйкесінше ондағы газдың ұлғаюын (Эг) сипаттайды:

мұндағы Gбм және Gсм — сәйкестi мұнайдың бастапқы және соңғы массалық шығындары (айырғышқа дейiнгi және одан кейiнгi); Gбг және Gсг — сәйкестi газдың бастапқы және соңғы массалық шығындары; Vб және Vс — сәйкестi газдың бастапқы және соңғы көлемдiк шығындары.
Саңылаусыз жинау жүйесiнің кез-келген жағдайында мұнай мен газдың жалпы мөлшерi тұрақты болады, яғни Gм+Gг=const.
Сонымен қатар, мұнай айырғышының тиiмдi жұмысының көрсеткiшiне газ ағынымен тамшылы сұйықтың меншiктi әкетiлуi Kсжәне мұнай ағынымен еркiн газдың меншiктi әкетiлуi Kг жатады:
(7.4)
(7.5)
мұндағы qс және qг — айырғыштан әкетiлген тамшылы сұйық пен еркiн газдың көлемдiк шығыны, м[3]сағ; Gм және Gг — айырғыштың жұмыс жағдайындағы газ бен сұйықтың (мұнайдың) көлемдiк шығыны, м[3]сағ.
Техникалық тұрғыдан жетiлген айырғыш деп газ бен сұйықтың тазартылуын жоғары дәрежеде қамтамасыз ететiн, сонымен қатар оның жасалуына аз металл шығынын жұмсай отырып және сұйықтар пен газдардың үлкен жылдамдықтары кезінде жоғары өнiмдiлiктi қамтамасыз ететiн айырғышты айтады.
Осылайша, айырғыштың жұмысының тиiмдiлiгiн бағалау үшiн Kс және Kг көрсеткiштерiмен қатар оның техникалық жетiлгендiк дәрежесiн ескеру керек.
Айырғыштың техникалық жетiлгендiк дәрежесi келесi параметрлермен сипатталады:
1. айырғышта ұсталатын сұйық тамшысының минимал диаметрiмен;
2. айырғыштың еркiн қимасындағы, сонымен қатар тамшыұстағыш бөлiміндегi газ ағынының максимал мүмкiн орташа жылдамдығы;
3. сұйықтан еркiн газдың максимал бөлiнуi жүретiн айырғышта сұйықтықтың болу уақыты.
Газ ағыны арқылы тамшылы сұйықтың әкетiлуiнiң мүмкiн мәнi Kс 1000м[3] газға 50 см[3] сұйықтың мәнiнен аспауы керек (егер, сұйық ағынымен еркiн газдың әкетiлуiнiң мәнi Kг 1м[3 ]сұйыққа 20 000 см[3] газ болған жағдайда). Kг мәнiне мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығы, сонымен қатар оның көбiктенуi әсер етедi. Көбiктенбейтiн тұтқырлығы аз (5∙10[-3] Па∙с дейiн) мұнайлардың айырғышта болу уақыты 2-3 минут мөлшерiнде болса, ал көбiктенетiн және тұтқыр мұнайлар (1,5∙10[-3] Па∙с жоғары) үшiн — 5-20 минутқа дейін.
Газ және газконденсатты кен орындарының алаңдарында орнатылатын айырғыштардың тиiмдiлiгi, газ ағыны арқылы айырғыштан тыс әкетілетiн тамшылардың мөлшерi бойынша бағаланады, сондықтан мұнай және газ айырғыштарына қойылатын талаптар әртүрлi болады.

ТОРЛЫ ГАЗОСЕПАРАТОРЛАР
Айыру сатыларының санын таңдау кезінде мұнай кен орындарының алаңдарындағы мұнай мен газды жинау жүйесi ескерiлуi қажет. Жоғары сағалық қысым (4-8 МПа) жағдайында қолданылатын көп сатылы айыру жүйесi кезiнде қысым мен температураның елеусіз төмендеуi әсерiнен әрбiр сатыда газ … жалғасы