Қарағанды облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты – новости Казахстана

0
93

21 қараша күні таңертең Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы «Қызылорда-Павлодар» автожолынан 982 шақырым жерде «Қушоқы-Қарағанды» жазуы бар жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Қоғамдық көлік салонында 45 жолаушы болған. Жол апаты нәтижесінде Қарағанды облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының күшімен автобустың 2 қысылған жолаушысы шығарылды.

Оқиға орнында 1990 жылы туған азамат көз жұмып, тоғыз адам Қарағандының №1 ауруханасынасына түрлі жарақаттармен жеткізілген. Зардап шеккендердің ішінде кішкентай нәресте де бар.

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Жол апаты орнында құтқару жұмыстарына бес қызметкер мен Қарағанды облысы жедел-құтқару жасағының бір техникасы, сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығының бір техникасы жұмылдырылды.