Жұлдыз жорамал: Суқұйғыш жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

0

суқұйғыш жұлдызнама жұлдыз жорамал мінез

Суқұйғыш зодиак белгісіндегілер 21- қаңтар мен 18 – ақпан аралығында туылған.

Суқұйғыш. Мінезі. Суқұйғыш жұлдызнама белгісінің өмірлік ұстанымы – мен білемін! Бұл Зодиактың белгісі ақылды адамдар, бірақ соған қарамастан ерекше істерді ұнатады. Суқұйғыштарда күтпеген жағдайлар болып тұрады. Осы зодиак белгісінің астында туылған адамдар сөздеріне өте жауапты, олар уəделеріне берік. Суқұйғыштардан ешқашан сеңгіштікті көрмейсіздер, оларға өтірік айту – ақымақтық.

Суқұйғыш қызығушылыққа, қоршаған ортадағы бар құпияны ашуға бейім. Суқұйғыштар – жан-жақты тұлға, олар көптеген нәрселерге қызығушылық танытады. Ешқашан біреуге ұқсауға тырыспайды. Олардың ықыласы – даралық және өз болмысын таныту.

Суқұйғыштар өздерін адамдардың жақсы көргендерін ұнатады, сол себепті өздері ұнатпайтын адамдармен де ашық және мейірімді сөйлесе береді. Күш, тану, бедел – бұл олардың басты мақсаттарының бірі. Суқұйғыш әрқашан жаңа нәрсе үйренуге тырысады. Бірақ ол ешқашан таңдалған істің айналасында ғана жұмыс істемейді. Суқұйғыштар өз әрекеттерінде келісім мен ақыл-ойдың арасындағы байланысты біледі. Олар табиғатқа бейім және көбінесе үй жануарларын асырайды. Сыпайы және сенімді, бірақ адамдарды тани алмайды.

Суқұйғыштар. Мансап

Суқұйғыштар белгілі бір мамандыққа бейімділігін көрсете қоймайды. Бірақ-та олар кез келген жумыс түрлерімен айналыса алады. Егерде жұмыс оған шыныменде ұнаса, ол сол жұмысқа бар ынтасын бөліп, отбасы мен достарына аз уақыт бөледі. Суқұйғыштарға басқа адамдар оны бағалайтын мамандықтарды ұнатады. Олар әрқашанда бәрін дұрыс жоспарлап, жұмыстан қашпайды. Жалғыз істейтін жұмыста да, ұжыммен істейтін жұмыста да өздерін жақсы сезінеді, және бұл оларды жан-жақты жұмысшы ретінде шыңдайды. Өздерінің әріптестерін көре алмайтын жағдай бастарында болмайды. Əріптестерін сыйлайды, пікірін тыңдайды. Суқұйғыштар – қызмет бойынша көтерілетін зодиак белгілері. Олар өте жиі орта жаста жеке кәсіпкер болады, өздерінің барлық идеяларын іске асыратын жолдар тауып жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Шығармашылықта, педагогикада және қоғамдық жұмыста өздерін жақсы көрсетеді. Ақша үнемдей алмайды. Бұл Суқұйғыштардың құрған компанияларын тоқырауға ұшыратады. Өздерінің жұмыстарында белгілі бір жетістікке жету үшін ақшаға көбірек көңіл бөлуді үйренуге тура келеді. Суқұйғыш. Денсаулық. Суқұйғыш әрдайым өзін жеңіл сезініп, денсаулығы қажымайтындай жүреді. Алайда, өмір сүру салтына байланысты жиі ауырып қалуы мүмкін.

Бұл зодиак белгілерінің өкілдері дәрігерлер жақтырмайтын пациенттер болып табылады. Олар ұсынылған ұсыныстарды ұстануға тырысыды, бірақ берілген емдеу курсының соңына дейін жететін ерік – күш бойларында жоқ. Сүқұйғыштар ұзақ уақыт диетада отырғанды немесе ауырып жатқанды ұнатпайды. Күтпеген жерден ауырып қалады. Олардың көптеген аурулары созылмалы болып келеді. Суқұйғыштардың ең осал жерлері – аяқтары, асқорыту және жүйке жүйелері.

Суқұйғыш. Қатынастар. Еркек пен әйелдің және басқа да зодиак белгілерімен үйлесімділігі.

Суқұйғыш Еркек. Ер суқұйғыш- өте күрделі адам. Ол өз сезімдерін ашуға ешқашан асықпайды. Алдымен сізді шешуге тырысады, сосын, мүмкін, өзін көрсететін болады. Біріншіден, суқұйғыш еркек сізбен тәжірибе жүргізетін болады. Және бұл эксперимент тойдан кейін ғана аяқталады. Суқұйғышты қызықтыру үшін, тұрақты қарым-қатынасқа дайын екеніңізді көрсету қажет. Ешбір жағдайда оны асықтырмаңыз. Егер, сізден бірегей, ешкімге ұқсамайтын адамды көрсе, онда сізге мәңгілікке өз жүрегін сыйлайды. Суқұйғыш еркектер- сүйгенін өзіндік болғанын қалайды. Сондықтан олардың қызғанышына дайын болыңыздар.

Суқұйғыш Әйел – бұл нақты парадокс. Олар тəптіпке негізделген дәстүрлі қатынастарды қабылдамайды. Мұндай әйелдер ерлі-зайыпты болған еркектермен оңай қарым-қатынасқа түсе алады. Суқұйғышта сентименталистық көзқарастын жоқтығы байқалады. Егер, сіз суқұйғыш әйелімен қарым-қатынасыңыз жақсы болғанын қаласаңыз, онда оған ерік беріңіз , ешқашан оған менімен ғана бол деп айтпаңыз, қажытып жібересіз.

Суқұйғыштар Егіздермен, Таразымен және де Мергендермен некеде бақытты болады. Ауыр қарым-қатынастар: Шаян, Тоқты және Бикешпен. Суқұйғыш өз әсерімен бөліскенді ұнатады, бірақ жүрегіне ешкімді жақын жолатпайды.

Ауаның өкілеті болғандықтан, олар үлкен отбасыны армандайды, үйі жарық және ыңғайлы болғанын қалайды. Үйлесім, тұрақтылық пен туған-туыстардың сезімдері олар үшін маңызды.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық