Жұлдыз жорамал: Балықтар жұлдызнама белгілерінің сипаттамасы

0

Балықтар балық жұлдызнама жұлдыз жорамал мінезіБалықтар – 19 ақпан – 20 наурыз аралығында туылғандар.

Балық жұлдызнама белгілерінің өмірлік ұстанымдары – «Мен сенемін». Осы зодиакта өмірге келген адамдар үнемі өздерін іздеуде болады, өздерін армандармен қоршайды, орындай алмайтын қиялдарға беріледі. Балықтар көбінесе өздерінің не қалайтындығын білмегендіктен , өмірден түңіледі.

Балықтардың бауыр басуы қиын. Жолындағы сынақтарды жеңуден гөрі, айналып өту олар үшін оңайырақ. Ең маңызды оқиғаға мән бермей, шынайы ойын жасырып, ұсақ-түйек жұмыстарға көп мән береді. Басқа біреудің дегеніне еріп, кеңестеріне жүгінеді.

Балықтар – өзіне бағынышты емес, үнемі басқа біреудің бағыттауымен жүреді. Балықтар күмәнді болып келеді, жаңа ортада өздерін әрдайым ыңғайсыз сезінеді. Сондықтан оларға көп көңіл бөлу керек, оларды қатты күтілген қонақ екендігін сезіндіру кереу. Балықтар өщ мінездерінің құрбаны болады. Қамқорлыққа мұқтаж адамдар. Балық зодиагындағы әйелдер мен еркектерге қажу тән.

Балық. Мансап

Балық белгілі бір жұмыс режиміне байланбайтын мамандықты таңдайды. Өздерінің жеке жұмыс кестесін құруды ұнатады.Сондықтан, олардың арасында қашықтан жұмыс істейтін фрилансерлер, таксистер көп. Балықтар өз жұмысында өте жауапты, қысым сезінбейді.Алайда, олар да ешкімге кедергі жасамайды. Жұмысқа өте ұқыпты және жауапкершілікпен қарайды. Арманшыл Балықтар шығармашыл, басқа белгілерге қарағанда, өнер өкілдерінің арасында жиірек кезігеді. Ерекше істерге қызығады – медитацияға, йогаға, астрология мен оккультизмге.

Балықтар – ақшаға құнықпайтын адамдар. Ақша қажет болғанда, ақшаны жылдам табуға тырысады. Қаржыға мұқтаж болмаған кезде олар өздеріне тиесілі жалақыға қанағат етеді. Балықтар өздерінің жұмыс істеу қабілеттері мен таланттарымен таң қалдырады.Егер, олар өздерінің күмәншылдықтарына жол бермесе, онда мансапта үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады

Балықтар. Денсаулық.

Балықтар әрдайым денсаулықтарына жауапты қарайды. Олар ауруды алдын алу, ауруды ескерту ем-шараларын және вирусқа қарсы вакциналарға мұқият. Əрдайым өз ағзасына құлақ асады, Бикеш секілді барлық белгілерге мән береді. Қандай да бір аурудың белгілері пайда бола бастаған жағдайда, барлық қажет мәліметтерді ақтарады. Ауруды кейде өздері де ойлап табады. Балықтардың иммунитеттері төмен. Бұл оларды вирус жұқтырып алуға жақындатады. Сондай-ақ, олардың аяқ-қолдары жиі аурады. Зодиак белгілері эмоционалды шизофренияға бейім болады. Балықтар босаңсыту процедураларын қажет етеді, оларға массажға, сұлулық салондарына баруға, теңіз жағасында демалуға кеңес беріледі.

Балық. Қатынас. Əйел жəне еркекпен, басқа зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Балықтар Еркек – басқа адамдардың көңіл-күйіне қарайтын адамдар.Ол өз жолын табуы қажет. Бұл – өте маңызды. Мұндай адамның жанында кез-келген әйел өзін ерекше сезінеді және гүлдейді.Дегенмен, еркек- балықтар тоқтап қалса, онда оны орнынан қозғалту үшін барлық таланттарыңызды іске қосу жеткіліксіз болады.Еркек балықтардың өмірін көбінесе кнздейсоқ жағдайлар шешеді. Сондықтан, олармен кездесулеріңіз де «аспанның қалауымен » болуы керек.Балықтың арманшылдығы реалист болуға жиі жол бермейді.Олардың жанында қолы қатты, оны көктен жерге қайтара алатын мықты әйел болуы керек.

Балық Әйел – бұл ыңғайлы және жағымды адам. Ол үйлесімділік пен жайлылық атмосферасын жасайды.Әйел балықтар әйелдіктің нағыз көрінісі болып табылады және мықты, тәуелсіз еркектердің тамаша серіктері болады. Бойында феминизмнің бір де бір белгісі жоқ. Олар басқалары секілді сенімді адамға мұқтаж. Бұл əйелдер адал, еріне толық сенім артады.Егер сіз әйел балықты бағындыруды қаласаңыз, өз еркіңізді және қабілетіңізді көрсетуіңіз керек.

Көбінесе, балықтың серігі – Торпақ, Шаян мен Тауешкі, Сарышаян, Бикеш. Тоқтылар мен Арыстандармен ортақ тіл табуы қиын Балықтар – үміт пен арманға толы толқынды теңіздің нышаны. Бұл зодиак белгісі иірімнен сүңгіп шығады. Олармен тіл табысу мен өз жағына қарай тарту оңай. Балыққа сенім артуға болатын тәлімгер қажет.

Су – балықтың мінез-құқықтарының қалыптасуында басым рөл атқарады. Табиғат секілді су да денсаулығына жауап береді.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық