Zoom-да өтіп жатқан онлайн сабақ кезінде мұғалім қайтыс болды

0
4

Студенттер әйелдің мекенжайын білмек болады, бірақ демала алмай қалған оқытушының сөйлеуге шамасы келмеген

Sputnik. Аргентинада университет оқытушысы Zoom-да өтіп жатқан онлайн сабақ кезінде қайтыс болып кетті.

Қайғылы оқиға сәрсенбі, 2 қыркүйекте болған. Аргентинадағы университеттің оқытушысы онлайн дәріс оқып жатқан, деп жазады Clarin басылымы.

Кенет 46 жастағы Паола де Симоне сабақ барысында демала алмай, тұншыға бастайды. Ақыры ол есінен танып, қайтыс болады.

Басылымның хабарлауынша, студенттер жедел жәрдем шақыру үшін мұғалімнің мекенжайын білмек болады, бірақ ауруы ұстап, қысылып қалған әйелдің сөйлеуге шамасы келмейді.

Тамыз айының соңында осы оқытушы әлеуметтік желіде өзінде коронавирустық инфекция белгілері бар екенін жазған екен.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз