Златан Ибрагимовичтен аумайтын жігіт табылды (фото, видео)

0

Әйгілі швед футболшысы Златан Ибрагимовичтен айнымайтын адам бар екен. Мюнхендік «Бавария» баскетбол клубы сапында ойнайтын босниялық Нихад Джедовичті көшеде көргендер оны әйгілі футболшы екен деп суретке түсетін көрінеді.

«Мен шашымды өсірген сәттен бастап әлеуметтік желілерде маған деген қызығушылық артып кетті. Жазда үш күн Парижде болған едім. Сонда адамдар мені жиі тоқтатып, суретке түскісі келетіндерін айтты» дейді 28 жастағы баскетболшы.

Әйгілі футболшы Златан Ибрагимович ұзақ жылдар «Аякс», «Ювентус», «Интер», ПСЖ, «Милан», «Барселона» және МЮ клубтарының намысын қорғады. Ерекше голдарымен жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналды. Қазіргі таңда америкалық «Лос-Анджелес Гэлакси» клубында ойнайды. Ал Швеция ұлттық құрамасы сапында 114 матчқа қатысып, 62 гол соққан. Бүгінде Златан ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтаған.

Абай Аймағамбет