Қазақстандық велошабандоз әлем кубогында алғашқы бестіктен көрінді

0
03 Желтоқсан 2018, 12:47 165 0

Астана, BAQ.KZ. Велотректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Артем Захаров Берлинде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алғашқы бестіктен көрінді. Бұл туралы Olympic.kz порталы жазды.

Захаров «омниум» жарысынан бақ сынаған болатын. Ол он айналымнан соң жалпы 99 ұпай жинап, бесінші орынға қол жеткізді.

Аталған сында австралиялық Сэм Уелсфорд 128 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орында испаниялық Альберт Торрес (118 ұпай). Үшінші орын Нидерланд спортшысының еншісінде.

Еске сала кетейік, Артем Захаров «омниумнан» Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ