Зімбірдің коронавирусқа емдеуде пайдасы бары рас па? Маман жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгінде ел-жұрттың зімбірге деген сұранысы артқан. Коронавирусқа қарсы көкөніс ретінде зімбір, сарымсақ, лимонды алушылар көп. Бұны сәтті пайдаланған саудагерлер бағаны аспандатып жіберді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

келісі 1000 теңгеге бағаланған көкністің қазіргі бағасы 3000 теңге

Ел аузында зімбір коронавирусқа қарсы тұра алады деген әңгіме тарады. Бұған дейін келісі 1000 теңгеге бағаланған көкністің қазіргі бағасы 3000 теңге. Сарымсақ пен лимонның бағасы да солай. Екі-үш есеге қымбат. Көтерме нарықтағы баға көтерілген соң, қала базарлары да алып-қосты. 

Ал, аталған көкіністің аты жаман ауруға қарсы көмектесетіні рас па? Бұл туралы Эпидемиолог Сәкен Әміреев былай дейді.

«Бұл көкөніс нақты коронавирустан емделуге көмектеседі деген сөз емес. Иммунитетте әр түрлі жағдаймен көтеруге болады. Көкөністердің пайдасы бар. Денсаулыққа пайдалы, микробқа қарсы пайдасы да бар. Бірақ вирусқа қарсы тұра алмайды. Иммунитетті спортпен шұғылданып, жақсы тамақ жеп, жақсы көңіл-күйде жүріп те көтеруге болады», – дейді ол. 

Маман көпшілікке ең бастысы санаңыз мықты болу керек деген кеңес айтты. Сақтық шараларын қатаң ұстанып, сыртқа шықпай  үйде отырған жөн дейді.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз