Жыныстық қысым көрсеткен: Қарағанды облысында судья жазадан құтылып кетті
Жыныстық қысым көрсетті деп айыпталған Қарағанды облыстық сотының судьясы Тотай Ерімбетовке жаза «қоғамдық сөгіспен» шектелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазТАГ» порталына сілтеме жасап.
«Комиссия 25 желтоқсанда өтініш беруші, оның өкілі және судья Ерімбетовтың қатысуымен келіп түскен арызды қарап, судьяның судья әдебі кодексін бұзу фактісін мойындады. Судьяның судья әдетіне қайшы келетін теріс қылық жасау фактісі танылған кезде комиссия талқылаумен шектелуге немесе қоғамдық сөгіс шығаруға құқылы. Бұл жағдайда комиссия қоғамдық сөгіс шығарды», — деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Бұл ретте облыстық сот Ерімбетовтің жыныстық қысым жасау фактісін жоққа шығармайды. Агенттік тілшісіне белгілі болғандай, судья тарапынан процестердің біріне қатысушыға қатысты қысым көрсету шамамен 1,5 жылға созылған.
«Комиссия шешіміне Ерімбетов шағым түсірген жоқ. Аталған факті бойынша өтініш берушіден қайта өтініш түскен жоқ», — деп мәлімдеді облыстық сотта.