«Жынымды келтермеңізші!» — Серік Жұмангарин Ресей депутаттарына жауап берді

0

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Ресей депутаттарының Қазақстанға қатысты сөздерін «боқтық» деп атаған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қолдады. Бұл туралы ол Facebook парақшасындағы бетте жазды.

«ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді біздің территориямыздың, шекарамыздың тұтастығына ауызша қол сұғушылық жасаған орыс депутаттары мен саясаттанушыларына дипломатиялық тұрғыдан тарих сабағын берді», — деп жазды Жұманғарин.

Еске салайық, Ресей мемлекеттік думасының білім және ғылым комитетінің төрағасы және «Үлкен ойын» бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов Бірінші арнаның эфирінде «Қазақстан мүлдем болған жоқ, солтүстік Қазақстан біздің жеріміз» деп айтқан болатын.

Никоновтың мәлімдемесіне қатысты Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров арасында кездесу өтті.

Кейіннен Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жанжалды мәлімдемеге түсініктеме беріп, оны «бос сандырақ» деп атады. Никоновтың өзі өзінің арандатушылық мәлімдемесін өзінің Telegram-арнасында түсіндірді.