Шымкентте 8-қабаттан құлаған бала ауруханада қайтыс болды

Шымкентте 8-қабаттан құлаған бала бірнеше сағат ауруханада жатып қайтыс болды.

0
216

Құзырлы органдар ресми хабар таратқан жоқ.

Ал көршілер «Бала отбасылық жанжалға шыдай алмаған болуы мүмкін» дейді.

«Әкесі мен шешесі ұрысып қалған дейді. Ажырасып кеткен. Папасы «келем» деген, мамасы кіргізбеген. Әкесін жақсы көретін баласы содан құлады деп айтып жатыр», – дейді тұрғындар. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Көршілердің айтуынша, үйде әйел ұл-қызымен бірге тұрған. Бұрынғы күйеуі жиі келіп, жанжал шығаратын көрінеді. Жеткіншек 8-қабаттан құлардың алдында әке-шешесі тағы ұрысып қалған болса керек.

Бірақ бала соның кесірінен секірді ме, әлде абайсызда құлап кетті ме әзірге белгісіз.

Биіктен құлаған оқушының бассүйегі жарылып, миы шайқалған. Ішкі ағзаларына да зақым келген.

Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетсе де, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позилов: «Екі рет жүрегі тоқтады. Екі рет жанын алып қалуға күш салдық. Жансақтау бөлімінде көрсетілген шараларға қарамастан, сағат 00.45-те бала қайтыс болды», – деді.