«Жын-шайтандар мекендейді»: Желіде түпсіз терең құдықтың видеосы жарияланды

Бір қызығы, ғалымдар құдықтың тереңдігі қанша метр құрайтынын әлі күнге дейін білмейді.

0
1517

Желіде Йемен Республикасының шығысындағы шөл далада орналасқан Бир-Бархаут құдығының жаңа суреті жарияланды. Көпшілік біле бермейтін бұл түпсіз терең құдықта аңыз бойынша жын-шайтандар мекендейді,  деп жазады knews.kg

Басылымның мәліметінше, Бир-Бархаут – Йеменнің көпке танымал, ғажайып жерлерінің бірі. Себебі мұнда ені 30 метрді құрайтын алып құдық орналасқан. Бір қызығы, ғалымдар құдықтың тереңдігі қанша метр құрайтынын әлі күнге дейін білмейді.

Ал Al Arabiya басылымының жазуынша, ғалымдардың болжамынша, құдықтың тереңдігі шамамен 100-250 метр.

Елдің геологиялық барлау және минералды ресурстар басқармасының директоры Салах Бабхаирдің айтуынша, оттегі жетіспегендіктен әлі күнге дейін ешкім 50 метр тереңдіктен төмен қарай түсе алмаған.

«Күн құдықтың түбіне дейін жетпейді, сондықтан оның түбінде не бар екенін болжай алмаймыз. Құдықтың тек бергі бетін видеоға түсіргенімізде, онда құстар жүретінін байқадық», – дейді Салах Бабхаир.

Сонымен бірге басылым Бир-Бархаут құдығының түбінен үнемі жағымсыз иіс шығатынын жазады. Жергілікті халық арасында тараған аңыз бойынша, құпиясы ашылмаған құдық – тозаққа кіретін қақпа деп есептеледі екен.

Енді геологтар шамамен миллиондаған жылдар бұрын пайда болған табиғаттың бұл кереметін зерттеуді тағы қолға алған.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Sharjah24 (@sharjah24)