«Жылы лебізбен еске алған»: Назарбаев Арменияның қамаудағы экс-президентіне хат жолдады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арменияның қамауға алынған бұрынғы басшысы Роберт Кочарянға хат жолдады. 

"Жылы лебізбен еске алған": Назарбаев Арменияның қамаудағы экс-президентіне хат жолдады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Назарбаев Кочарянға жазған хатында Қазақстанда болып жатқан ішкі саяси өзгерістер мен процестер туралы ақпарат берген.  Сонымен қатар бірге жұмыс істеген жылдарын жылы лебізбен еске алған Назарбаев Кочорянмен жеке қарым-қатынасы жалғасады деп үміттенетінін жазған», — деп хабарлады экс-президенттің кеңсесіндегілер. 

Еске сале кетсек, өткен жылдың маусым айында Роберт Кочарян 2008 жылдың 1 наурызында Армениядағы конституциялық құрылымды күштеп құлатпақ болды деп айытпалып, 2 айға тұтқындалған еді. 13 тамызда Арменияның аппеляциялық соты бұрынғы президентті қамаудан босатты. Желтоқсан айында Кочарян қайта тұтқындалды. Бірінші сатылы сот экс-президенттің қамаудағы мерзімін екі рет ұзартты.  

Сонымен қатар Кочарян аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған. 

Роберт Седракович Кочарян – Армения Республикасының екінші президенті. Ол мемлекетті 2008 жылдың 9 сәуірі мен 1998 жылдың 30 наурызына дейін басқарған. 

stan.kz