Журналистке белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жіберген

0

Журналист Самал Ибраева кеңсесіне белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жібергенін хабарлады.

Самал Ибраева қораптың сәрсенбі, 8 ақпанда кеңсеге келгенін, ішін ашқан кезде жоғарыда аталған заттар шыққанын айтты.

Ибраева оқиғаны «редакцияға жасалған қоқан-лоқы» деп бағалады.

«Президент тапсырма берсе де, маған жасалып жатқан қысымның артында кім тұрғаны анықталған жоқ. Осыған дейін қаншама қысым көрдім», — деді Самал Ибраева.

Ибраеваның жіберген суретінде етпен бірге балалардың суреті жатқаны көрінеді.

Сәрсенбі түстен кейін редакцияға полиция келіп, келген заттардан саусақ іздерін алған.