Димаш Құдайберген «Stranger» әлемдік туры аясында концерттен түскен қаржыны Түркияға аударады

0

Димаш Құдайберген «Stranger» әлемдік туры аясында концерттерге билеттерді сатудан түскен ақшаның бір бөлігін Түркиядағы табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмекке береді.

«Түркияда, Сирияда және басқа да көптеген елдерде болған трагедия мыңнан астам адамның өмірін қиды. Зардап шеккендерге тезірек сауығып, күш-қуат тілеймін. Сондай-ақ, «Stranger» әлемдік туры аясында менің концерттеріме билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмекке берілетінін хабарлағым келді. Толық ақпаратты кейінірек менің командам DimashNews-те хабарлайды. Сақ болыңыз және өзіңізге қамқор болыңыз!»- деп жазды әнші Instagram-да.

фото: informburo.kz