Жүрек ауруларын жазатын өнімдер |

0

Жаңғақ ішіндегі дәндер арасындағы қабыршықтардан 1 ас қасық ұнтағын 250 гр. спиртке 1 ай ауа кірмейтін құйып, салқын жерде сақтау керек. Осының 15-20 тамшысын 50 гр. жылы суға қосып. 2-3 ай бойы 3 езгіл ішсе, жүректің барлық сырқатына ем болады. 

Долана жемісінің 200 гр.жуып,200 гр.суда 30 минут баяу жанған отта қайнатып, 2-3 ай 1 стаканнан 3 мезгіл ішсе ем. 

Қызыл долана ағашы қабығының ішкі жағындағы ақ кілегей қабығын кептіріп,ұнтақтап,2 ас қасығын 1 литр суға салып, 10 минут қайнатып, 2 сөтке тұндырады. Осыған 1 ас қасық бал қосып күніне20-25 гр. үш мезгіл ас алдында 1 ай ішу керек.10 күн демалып, тағы қайталай берсе болады. 

Долананың гүлін көлеңкеде кептіреді. Осының 200 гр. ұнтағын 2 литр балға араластырады. 3 мезгіл 3 ай бойы күн сайын ас алдында ішу керек. Бұл жүрек ауруының бәріне ем. 

Шие мен сары өрік компотын үнемі үздіксіз ішіп жүрсе, жүректің талмасын кетіреді. 

Алмұрт дәнінің 200 грамын 3 литр суға салып, 40 минут қайнатамыз.Сүзіп алып алма сөлінен 100 гр. қосып, күніне 3 мезгіл 50 грамнан ішіп қысымы қалпына келеді. 

Қабығынан аршылған пісте 0,5 кг, сары мейіз 0,5 кг, жаңғақ дәні 0,5 кг алып, әбден түйгіштеп араластырады.Осы қоспаға 1кг құйрық пен 1 кг балды қосасыз. Осыны жүрек ауруының барлық түріне 1 ас қасық 5 мезгіл жеу керек.

Дереккөз: Reactor

Дереккөз: http://reactor.inform.kz