«Жұмысты бастайық» Жаңа білім министрі журналистерден біраз уақыт сұрады
Қысқа сілтеме алу
Президенттің жарлығымен білім және министрі болып Күләш Шәмшидинова тағайындалған еді
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова министрліктегі мәселелердің байыбына бару үшін уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Алдымен жұмыс істеп бастайық, кейін мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын», — деді Шәмшидинова үкімет кулуарында.
Осы кезде БАҚ өкілдері жаңа басшыдан министрліктегі проблемалардың байыбына баруға қанша уақыт керек екенін сұрады.
«Мұны қысқа немесе ұзақ уақытпен анықтау мүмкін емес. Сондықтан, сол бұрынғы қарқынмен жұмыс істейміз. Жұмыс істеп бастайық, содан кейін мен барлық сұраққа жауап беруге дайын боламын», — деді ол.
Айта кетсек, 25 ақпанда Қазақстан президентінің жарлығымен Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Ерлан Сағадиевті алмастырды.
Күләш Шәмшидинова 1958 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1979) «Химия оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы қызметі – «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы.
sputniknews.kz