Велотректен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар

0

27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Польшаның Пружков қаласында велотректен лицензиялық әлем чемпионаты өтеді.

Olympic.kz аталған сынға қатысатын спортшылар тізімін ұсынады. Олар: Артем Захаров, Павел Воржев, Максим Налетов, Сергей Пономарев, Роберт Гайнеев, Әлішер Жұмақан және Асылхан Тұрар.

Қазақстан командасының үздігі Артем Захаров әлем чемпионатында жүлдеге тартысу үшін аянып қалмайтынын айтқан. 



Дереккөз: prosports.kz/kz