Жұмыссызға 10 мың рубль айыппұл. Алаңға шыққандарға үкім шыға бастады
23 қаңтар күні Санкт-Петербург қаласында өткен митинг қатысушысына бірінші үкім шықты. Бұл туралы қалалық соттардың бірлескен баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Юрий Балабонянға Мәскеу аудандық соты РФ ӘҚБтК-нің 20.2.2-бабының 1-бөлігі («қоғамдық тәртіпті бұза отырып жаппай іс-шараға қатысу») бойынша кінәлі деп танып, 10 мың рубль айыппұл салды.
Айта кетейік, Балабонян үйленген және 2 баласы бар. Қазіргі уақытта жұмыссыз. Санкт-Петербургке Краснодардан келген.