Жасөспірімді қоғамдық моншада зорлап кетті

0
717

Қырғызстан милициясы қоғамдық моншада адам зорлау ісін тексеріп жатыр.

Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметіне елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Қазір жасөспірімді зорлады деген күдіктіні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті жақын уақытта табылады деген сенімдеміз», — деді мекеме өкілі.

Қырғыз сегментіндегі әлеуметтік желілерде қоғамдық моншада болды делінген зорлық видео кең тарап кетті. Мұның қайда түсірілгені белгісіз.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету