Жұмыртқаны қалай жеген дұрыс? |

0

Жұмыртқа адамдардың күнделікті өмірде ең көп тұтынатын тағамы. Ол қуырып та, асып та жей салғанға дәмді, әрі жеңіл әзірленеді. Алайда жұмыртқа жегенде назар аударуға тура келетін біраз жағдайлар бар. 

✅  1. Жұмыртқаны шикідей жемеген жөн. 

Себебі жұмыртқаны жоғары температурада қайнатқанда ғана ондағы бактериялар жойылатындығын есте ұстаңыз. 

✅  2. Жұмыртқаны түнде пісіріп қоймаңыз. 

Жұмыртқаны түнде пісіріп қоятындарымыз бар. Сіз сондай адамдардың қатарынан болсаңыз, түнде пісіріп қоятын жұмыртқаңыз шала піскен болмауын қадағалаңыз. Себебі түнде пісіріп қойсаңыз оның ішінде таң атқанша бактериялар көйбейіп, ол асқазан, ішек-жолдарына зиян. Ал толық пісірілген жұмыртқаны түнде дайындап қойғанның еш зияны жоқ. Алайда жұмыртқаны қанша қайнатса, сонша жақсы деп қарамаңыз. Себебі жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда күкіртті темір қалыптасады, мұндай затты адам ағзасы оңайшылықпен қабылдай алмайды. 

✅  3. Жұмыртқаны өте көп жемеу керек. 

Себебі жұмыртқаның құрамында белок өте көп. Соның салдарынан жұмыртқаны көп жесеңіз зат алмасу процесі ұлғайып, бүйректің қызметі қиындайды. Қалыпты жағдайда, балалар мен қарттар, ақыл ой еңбегімен және дене еңбегімен шұғылданатын адамдар күніне 2 жұмыртқадан артық жемегені жөн. Ал дене қуаты әлсіз адамдар мен операциядан кейінгі қалпына келу мезгіліндегі сапалы белокты толықтауды қажет ететін адамдар күніне 4 жұмыртқаға дейін жеуге болады. 

✅ 4. Аш қарында жұмыртқа жемеген жөн. 

Себебі аш қарынға құрамында белогы мол азықты пайдалану барысында белок жылуға айналып, қоректік рөлі болмай қалады. Оның үстіне қысқа уақытта белоктің көп мөлшерде ыдырауынан ағзадан аммияк қатарлы денсаулыққа зиянды заттар бөлініп шығады. 

✅ 5. Майға қуырылған жұмыртқаны жемеңіз. 

Себебі жұмыртқаны майға қуыру барысында оның құрамындағы белок ұсақ молекулалы амин қышқылына айналады. Ал мұндай амин қышқылы адамды ракка шалдықтыруы мүмкін.

http://inform.kz