Жұмағалиев қанша қазақстандық 42 500 теңге алып үлгергенін айтты  

0

Министрлік проактивті түрде 238 мың азаматқа әлеуметтік төлем төлеу үшін банк шотының нөмірін көрсетуді сұрап, SMS хабарлама жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған 60 мыңнан астам азамат әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр бүгінде 42 500 теңгені алуға 450 мың азамат өтініш бергенін атап өтті.

76 мың қазақстандық проактивті түрде жәрдемақы тағайындау туралы SMS хабарлама алған.

«60 мыңнан астам адамның есепшотына тиісті ақша аударылды», – деді Жұмағалиев онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңгені электронды цифрлық қолтаңбасыз қалай алуға болады

Сонымен қатар, министрлік проактивті түрде 238 мың азаматқа әлеуметтік төлем төлеу үшін банк шотының нөмірін көрсетуді сұрап, SMS хабарлама жіберген.

«Біз бұл нөмірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаймыз. Одан әрі олар мұны төлем аудару үшін қолданады. Аталған жағдайда азаматтардан өтініш талап етілмейді. Біз проактивті түрде халыққа өзіміз қызмет көрсетеміз», – деді министр.

Әлеуметтік төлемді кім алады шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер, міндетті зейнетақы жарнасы аударылған, қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар, карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз