Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Электронды қолтаңбаны Egov.kz порталында алу үшін интернетке қосылған, бейнекамерасы бар компьютер немесе ноутбук керек

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін ұзарту үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазір электронды цифрлық қолтаңбаны Egov.kz порталы арқылы алуға мүмкіндік бар. Егер электронды қолтаңбаның мерзімі өтіп кетсе, жаңасын алуға тура келеді. Egov.kz порталында, тағы да қайталап аламын, қашықтан алуға болады. Ол үшін интернетке қосылған, бейнекамерасы бар компьютер немесе ноутбук керек. Сонымен қатар, азамат өзімен бірге жеке куәлігін дайындап қоюы тиіс», – деді Жұмағалиев онлайн брифингте.

Айта кетсек, бүгінде Egov.kz порталында көрсетілетін қызметтердің дені электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен жүзеге асады.Соның бірі – төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылғандарға төленетін 42 500 теңгеге өтініш беру.

Оқи отырыңыз: Жұмағалиев қанша қазақстандық 42 500 теңге алып үлгергенін айтты

Egov.kz порталында тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.  

Десе де электронды қолтаңбасыз-ақ, бір реттік құпия сөзбен өтініш жолдауға болады. Толығырақ мына сілтемеден біле аласыздар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз