Жұлдыздар түкірігін сатып жатыр (видео)
Ата-заманымыздан бері келе жатқан ырымдардың бірі балаларын абыройлы, қоғам қайраткерлеріне ұқсасын деп аузына түкірту ырымы әрбір қазаққа таныс үрдіс. Қазіргі таңда да ел алдындағы жұлдыздар балалардың аузына түкіртіп, бата беру де жиі болатын жайт, деп хабарлайды kznews.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Жұлдыздардың қолжетімсіздігін ескерген қызылордалық кәсіпкерлер жұлдыздардың түкірігін құтыға құйып, сату кәсібін айналдырып отыр.
«Биыл ашылдық. Көпшіліктің сұранысы бойынша қазіргі таңда қолжетімді бағада, көп адамдар сатып алып жатыр. Біздің клиенттер өзінің балаларын жұлдыздай болып өссін деп, солардың жолын берсін деп алады.
Өзіміз де пайдаланып жүрміз. Балаларыма Ринат Заитовтыкін беріп жүрмін», — дейді кәсіпкер.
«Мен де перзентім Қайрат Нұртас ағасындай ел алдында жүрсін деп осыны 50 мың теңгеге сатып алдым. Қане қызым, келе ғой», — дейді жас ана.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.