Ешкім күтпеді. Қазақ актеры өзбек файтерін рингте есінен тандырды (видео)

0

Қазақстандық актер, файтер Еркебұлан Тоқтар Octagon 27 турнирінде өзбекстандық Абдулазиз Сотыболдиевті бір соққымен нокаутқа жіберді.

Жекпе-жек сайысы Ташкент қаласында болған, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Сайыс өз жерінде өтетін болған соң ба, өзбекстандық спортшы салмақ өлшеу кезінде Еркебұланның көкірегінен итеріп, өзінше доқ көрсеткен еді. Бірақ қазақ жігіті мықтылығын рингте көрсетті. Жекпе-жектің алғашқы раундында екі спортшы да бір-бірін ала алмай, біраз алысты. Тек 2-раундтың ортасында Еркебұлан Тоқтар өзбекстандықты соққыға шығып талдырып тастады.

Еркебұлан Тоқтар қазақстандықтарға актер ретінде танымал. Ол 2017 жылы ZOR фильмінде ойнады.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.