Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастан мәһрге не сұрағанын айтты

0

Танымал әнші Қайрат Нұртастың келіншегі мәһрге не сұрағандығы туралы айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова ол кезде мәһр туралы ақпараты болмағандығын да атап өтті.

Бұл туралы ол Хабар телеарнасының таңғы бағдарламасында айтқан.

«Осыдан 16 жыл бұрын жасым 19-да еді. Бізге оның не себепті, қалай сұралу керектігін ешкім түсіндірген жоқ. «Алқа болады» дедім. «Алтын алқа, гауһар тастарымен көмкерілген болса тіпті жақсы болар еді» деп тапсырыс бердім. Қанша уақыт аралығында алып беру керектігін де білмедік ол кезде. 2-3 жылдан кейін бе алды», — деген ол.